Бепантен кремі

    Бепантен Крем

    Біздің теріміз таңғажайып. Ол бізді сыртқы ортаның әсерінен үнемі қорғайды. Терінің сыртқы қабатының құрамында табиғи майлар бар, олар сезімтал ішкі қабатты қорғап, ондағы ылғалды сақтау үшін керек. Сыртқы қабаттағы табиғи майлар құрғап немесе шайылып кеткен кезде, оның ішкі қабаты да құрғай бастайды. Мұндай жағдайда біз теріміздің құрғаған белгілерін сезіне бастаймыз. Бір жақсысы, мұның алдын алуға көмектесетін көптеген әдістер бар.

    Тері неліктен құрғап кетуі мүмкін?

    Тері суық ауа райының, тым құрғақ ауаның (мысалы, орталықтан жылытылатын пәтерлерде) немесе қатты соққан желдің әсерінен, сабынды немесе зарарсыздандыратын заттарды жиі қолданудың салдарынан құрғап кетеді.

    Суық ауа райы

    Құрғақ ауа

    Қатты соққан жел

    Су


    Өте құрғақ тері қышып, қабыршықтана, және тіпті бактерияларға жол ашып, жарыла бастауы мүмкін. Тері тырысып, жұқарған секілді сезім пайда болып, оның кейбір бөліктері (бетте, қолда, шынтақта, аяқта) күстеніп, бұдырлана бастайды.

    Құрғақ теріні емдеу үшін жағымсыз белгілерді кетіріп, теріні тиімді қалпына келтіретін арнайы препараттарды пайдаланған дұрыс. Терінің тітіркенуіне жол бермеу үшін күндіз ылғалдағыш кремді қолдану керек, бұл терінің ылғалды жоғалтуына жол бермейді.


    Бепантен кремі

    Бепантен® кремі

    Бепантен® кремі

    Для лечения сухой и раздраженной кожи

     

    Бепантен кремі нұсқаулығын жүктеу