Жалпы пайдалану шарты

    Жалпы пайдалану шарты

    Сайтқа мүмкіндік және оны пайдалану төмендегідей шарттармен реттеледі. Сіздер төмендегі шарттармен келіспеген жағдайда, осы сайтты пайдаланбауларыңызды өтінеміз. Бұл сайтты Қазақстандағы Байер Компаниясының (бұдан әрі «БАЙЕР» компаниясы» деп аталады) қосылма тұлғалары әзірлеген және солардың бақылауында. Біз осы сайтқа немесе Жалпы пайдалану шартына, біздің Жалпы шартқа және біздің Жалпы сату және жеткізу шартына ішінара немесе толық өзгерістер енгізу немесе жою құқығын өзімізде сақтаймыз. Біздің көзделген өзгерістерді жеке ұйғарымымыз бойынша және алдын-ала хабарламасыз енгізетінімізді ескеру керек. Жоғарыда айтылғандарға байланысты біз сайтқа екінші рет кірген кезде шарттармен қайта танысуларыңызды және енгізілуі ықтимал барлық өзгерістерді назарға алуларыңызды сұраймыз.

    Пайдалану құқығы

    Осы сайтта жарияланатын барлық мәліметтер, құжаттар мен суреттер тек «БАЙЕР» компаниясына және оның қосылма тұлғаларына тиесілі. Оларды пайдалану құқығы оларға авторлық құқық пен зияткерлік меншіктің өзге де құқықтары туралы тиісті хабарлама көшірмесін түсіру шартымен, сондай-ақ оларды коммерциялық мақсаттарға пайдаланбай, тек жеке мақсаттарға пайдалану, оларға қандай-да бір өзгерістер енгізбеу шартымен, сондай-ақ сайттан көшірілген суреттерді тек ілеспе мәтінмен бірге пайдалану шартымен беріледі.

    Сауда белгілері

    Осы сайтта көзделген бас әріптермен немесе қандай-да бір әдіспен белгіленген өнімдердің барлық атаулары «БАЙЕР» компаниясының, оның еншілес компанияларының, филиалдарының, қосылма тұлғаларының, лицензия берушілердің және бірлескен кәсіпорындар серіктестерінің тауарлық белгілері болып табылады. Көзделген сауда белгілерін және өзге материалдарды заңсыз немесе құқықсыз пайдалануға тыйым салынады және ол авторлық құқықты, сауда маркалары туралы заңнаманы және өнеркәсіптік меншікке өзге де құқықтарды бұзушылықты білдіреді.

    Шектеулі жауапкершілік

    Осы сайтта Байер компаниясы орналастырған компанияда бар ақпарат мәліметтері кәсіби сақтықты пайдалану арқылы сенімді ішкі және сыртқы көздерден алынған. Біз ақпаратты тұрақты кеңейту мен жаңарту үшін қажетті шараларды қабылдаймыз. Ақпарат сайтта «БАЙЕР» компаниясы, оның өнімдері мен қызметтері туралы мәлімет беру мақсатында орналастырылған. Алайда, біз айқын немесе ұйғарынды мәлімдемелер жасамаймыз және сайтқа тапсырылған ақпараттардың толықтығына немесе дұрыстығына қатысты кепілдік бермейміз. Атап айтқанда, көзделген ақпараттардың ескі болуы мүмкін екендігін назарларыңызға саламыз. Сондықтан біз ақпаратты қандай-да бір мақсатқа пайдаланбас бұрын оны сайттан алғанда әрқашан тексеруді ұсынамыз. Сайтта орналастырылған ұсынымдар сіздерді біздің соңғы ұсынымдармен – қауіпсіздік паспортымен және техникалық ерекшеліктермен – және оны белгілі процестер мен мақсаттарда қолдануға қатысты біздің өнімдер туралы ұсынымдармен танысу қажеттігінен босатпайды. Сіздердің сұрауларыңыз бойынша біз сіздерге компания өнімдері мен қызметтері туралы толық ақпарат беруге дайынбыз. Осы сайтты пайдаланушылар сайтқа мүмкіндік алуға келісетіндіктерін және оның ішіндегілерге өзінің тәуекелдіктерін куәландырады. «БАЙЕР» компаниясы, сондай-ақ осы сайтты жасау мен әзірлеуге немесе оған рұқсат беруге қатысушы үшінші тұлғалар сайтқа рұқсатқа немесе рұқсаттың жоқтығына, сайтты пайдалану мүмкіндігіне немесе мүмкін еместігіне немесе сайтта орналастырылған ақпараттарды сіздердің сенімді ретінде пайдалануларыңызға байланысты денсаулыққа залал мен зақым келтірілгені үшін жауапкершілік көтермейді.

    Қолдаушы жеткізімшілер сайттары/сілтемелері

    Сайтта үшінші тұлғалар сайттарына сілтемелер орналастырылған. «БАЙЕР» компаниясының көзделген сілтмелерін тапсыру олардың ішіндегілерді мақұлдау болып табылмайды. Сондай-ақ «БАЙЕР» компаниясы олардың ішіндегілер, оның қолжетімділігі үшін, сондай-ақ ақпаратты пайдалануға байланысты денсаулыққа залал мен зақым келтірілгені үшін жауапкершілік көтермейді. Басқа сайттарға сілтемелер пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін орналастырылған. Пайдаланушылар көзделген сайттарға өздерінің тәуекелдіктерімен кіреді.

    Пайдаланушылар тапсырған мәліметтер

    Осы сайтты пайдалаушылар олар «БАЙЕР» компаниясының атына жолдаған мәліметтердің ішіндегілер мен оның дұрыстығы үшін, сондай-ақ осындай мәліметтерді тапсыруға нәтижесінде туындауы мүмкін үшінші тұлғалар құқығының бұзушылықтары үшін толық жауапкершілік көтереді. Пайдаланушылар «БАЙЕР» компаниясына ақпараттар құрамына негізгі мәліметтерге немесе пайдалану туралы ақпаратқа қатысы жоқ дербес мәліметтер енгізілген жағдайлардан басқа, компания қызметіне байланысты статистикалық талдау мақсатында немесе басқа мақсаттар үшін осындай мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім береді. Атап айтқанда, «БАЙЕР» компаниясы өнімдер мен қызметтерді өндіру және (немесе) сату сияқты кез-келген мақсатта олардың құрамына кіретін идеяларды, өнертабыстарды, жобаларды, технологиялық әдістер мен кәсіби білімді қоса алғанда, осындай хабарламалардың мазмұнын пайдалануға, сондай-ақ осындай ақпараттарды қандай-да бір шектеусіз үшінші тұлғаларға беруге және жаңғыртуға құқылы.

    Халықаралық пайдаланушылар

    Сайтты тексеруді, сақтау мен жаңартуды «БАЙЕР» компаниясы жүзеге асырады. Осы сайттың мақсаты – халықаралық аудиторияға ақпараттар беру. Берілетін ақпарат жалпы білім беру мен ақпараттық сипатқа ие. «БАЙЕР» компаниясы ақпаратта орналастырылған ақпараттың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды. Сайтта орналастырылған ақпараттың медициналық мамандар консультациясын, емдеу мен ұсынымдарын толыққанды ауыстыру болып табылмайтындығын есте ұстау керек. Сайтта біздің елімізде сатылымда болуы мүмкін ақпараттарда барлық препараттар берілмеуі мүмкін, мұндай жағдайда препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулық пен әртүрлі елдерде тіркелген көрсеткіштер айрықшалануы мүмкін. Соған байланысты олар туралы ақпарат сайтта орналастырылуы мүмкін препараттарды қолдануды бастар алдында міндетті түрде дәрігермен немесе басқа медициналық маманмен кеңесіңіз, сондай-ақ препаратты медициналық қолдану жөніндегі сіздің еліңізде бекітілген сипаттамамен және нұсқаулықпен танысып шығыңыз.

    Сайтта көрсетілген препараттар сатылымға елге байланысты әртүрлі көлемде, әртүрлі бумада немесе әртүрлі әріптік белгілермен және таңбалармен түсуі мүмкін.

    «БАЙЕР» компаниясының препараттарын сату

    «БАЙЕР» компаниясының препараттарын сату жеткізу мен сату жүзеге асырылатын жердегі ел заңнамасының талабына сәйкес «БАЙЕР» компаниясының жеткізу мен сатудың жалпы шартының ағымдық редакциясына сәйкес жүзеге асырылады.

    Болжамдық мәлімдеме

    Сайтта «БАЙЕР» компаниясының басшылығы немесе оның қосылма тұлғалары жасаған ағымдық жорамалдар мен болжамдар негізінде құрастырылған болжамдық мәлімдемелер болуы мүмкін. Әртүрлі белгілі және белгісіз тәуекелдердің, белгісіздіктер мен нақты нәтижелердің басқа да факторларының болуына, қаржы жағдайына байланысты компания тиімділігінің дамуы немесе көрсеткіштері болашақта сайтта келтірілген болжамдық бағалардан айрықшалануы мүмкін. Көзделген факторларға «БАЙЕР» компаниясының www.bayer.com сайтында орналастырылған «БАЙЕР» компаниясының ашық есептерінде қаралатын факторлар жатады. Компания өзіне осындай болжамдық мәлімдемелерді жаңарту мен оларды болашақтағы жағдайлар мен әзірлемелерге сәйкестікке келтіру бойынша міндеттеме қабылдамайды.