Бепантен® Крем
Қолдану көрсеткіштері
Қолдану көрсеткіштері
Терінің тұтастығын бұзған кезде, оның ішінде әртүрлі генездегі дерматиттердің салдарынан құрғақ терінің алдын алу және емдеу, сондай-ақ сыртқы факторлар-дың ең көп әсеріне ұшыраған тері жамылғыларына (бет, қол) күнделікті күтім жасау. Баланың (баздану және "жөргектік" дерматиті үшін) және емізетін ананың (лактация кезінде сүт безіне күтім жасау: емізіктердің құрғауын, ауырсынатын жарықтарды емдеу) терісін емдеу және күтім жасау.
Құрамы
Құрамы
1 г кремнің құрамында белсенді зат бар: декспантенол 50 мг, қосымша заттар: DL-пантолактон 5 мг, феноксиэтанол 5 мг, калий цетилфосфаты (амифизол К) 12,7 мг, цетил спирті 24 мг, стеарил спирті 16 мг, ланолин 13 мг, пропиленгликоль 15 мг, 1000,0 мг дейін тазартылған су, калий гидроксиді* q.s.
*қажетті рН мәнін белгілеу үшін жеткілікті мөлшерде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолдану тәсілі және дозалары
Зақымдалған бетке күніне 1-2 рет жұқа қабатпен жағады және аздап ысқылайды. Сүт безіне күтім жасау кезінде крем әр емшекпен емізгеннен кейін емізік бетіне жағылады. Емшектегі балаларға күтім жасау кезінде крем жаялықшаны (жөргекті) әр ауыстырған сайын қолданылады.
Қосымша ақпарат
Қосымша ақпарат
Шығару формасы: 30 г, 50 г және 100 г түтіктегі крем.
Дәріханалардағы тауарлардың түпкілікті құны мен санын тікелей қалаңыздағы дәріханалардан анықап сұраңыз.