Бепантен® Плюс
Қолдану көрсеткіштері
Қолдану көрсеткіштері
Жаралар, сызаттар, ұсақ кесіктер мен терідегі тырнақ іздері, жарықтар, жеңіл күйіктер; инфекцияланған беткейлік тері зақымданулары; емшек сүтімен емізу кезіндегі емшек ұшының жарықтары сияқты жұқтыру қаупі бар ұсақ жараларды өңдеу және емдеу. Созылмалы жараларда, мысалы, төменгі аяқтың трофикалық жараларында, терінің ойылуында, сондай-ақ хирургиялық жараларда.
Құрамы
Құрамы
1 г кремнің құрамында белсенді зат бар: декспантенол 50 мг, хлоргексидин гидрохлориді 5 мг; қосымша заттар: пантолактон 5 мг, цетил спирті 36 мг, стеарил спирті 24 мг, ланолин 30 мг, жұмсақ ақ парафин 100 мг, сұйық парафин 100 мг, макрогол стеараты 30 мг, 1 г-ға дейін тазартылған су.
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолдану тәсілі және дозалары
Күніне бір немесе бірнеше рет жұқа қабатпен алдын ала тазартылған жара бетіне немесе терінің қабынған жерлеріне жағыңыз. Жараларды емдеу ашық түрде де, таңғыштарды қолдану арқылы да жүргізілуі мүмкін.
Қосымша ақпарат
Қосымша ақпарат
Шығару формасы: 30 г және 100 г түтіктегі крем.
Дәріханалардағы тауарлардың түпкілікті құны мен санын тікелей қалаңыздағы дәріханалардан анықап сұраңыз.