«Байер ҚАЗ» ЖШС-нің Пайдаланушылық келісімі

«Байер ҚАЗ» ЖШС-нің Пайдаланушылық келісімі

1. Терминдер мен айқындамалар

«Пайдаланушы» - сайтты қарап отырған, Интернет желісінің кез келген пайдаланушысы.

«Пайдаланушылық келісім» - сайтты пайдалану тәртібіне, жеке деректерді жинау\өңдеу тәртібіне және құпиялық талаптарына қатысты Пайдаланушы мен «Байер ҚАЗ» ЖШС-нің арасындағы шарт.

«Сайт» - «Байер ҚАЗ» ЖШС-нің веб-сайты, компанияның өнімдер сайты.

2. Жалпы ережелер

2.1. Осы Пайдаланушылық келісім Сайтты пайдалану тәртібіне қатысты Пайдаланушы мен «Байер ҚАЗ» ЖШС арасындағы шарт болып табылады.

2.2. «Байер ҚАЗ» ЖШС Пайдаланушыға Сайттың белгілі бір функцияларын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін осы Пайдаланушылық келісімнің талаптарын қабылдауды ұсынады. Пайдаланушылық келісім төмендегі 2.3.-тармақта көзделген тәртіпте Пайдаланушылық келісімнің ережелеріне Пайдаланушы тікелей келісімін берген сәттен бастап күшіне кіреді.

2.3. Пайдаланушы осы Пайдаланушылық келісіммен танысып шыққанын растайтын түймені басу арқылы осы Пайдаланушылық келісімнің талаптарын қабылдайды.

2.4. Пайдаланушылық келісімді «Байер ҚАЗ» ЖШС Пайдаланушыны құлақтандырмастан өзгертуі мүмкін. Пайдаланушылық келісімнің жаңа оқылымы Сайтта орналастырылған сәттен бастап күшіне кіреді.

2.5. Пайдаланушы Сайтта орналастырылған төмендегі құжаттардың ережелерімен өздерінің танысқанын және келісетінін растайды: -«Байер ҚАЗ» ЖШС-нің Пайдаланушылық келісімі; -Cookies саясаты.

3. Жеке деректер

3.1. «Байер ҚАЗ» ЖШС Сіздің жеке/дербес ақпаратыңыздың біздің Сайтта пайдаланылуына байланысты оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын түсінеді. Біз Сіздің жеке/дербес деректеріңізді қорғауға өте салиқалы қараймыз. Сондықтан біз өзіміздің қандай деректерді сақтайтынымызды, қандайын алып тастайтынымызды Сізге түсіндірсек дейміз. Осы пайдаланушылық келісімде біз Сізді өзіміз жүзеге асыратын қауіпсіздік шаралары туралы хабардар етпекпіз.

3.2. Егер Сайтта жеке деректердің енгізілуі көзделген болса, осындай жеке деректер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V Заңында көзделген, жеке деректерді жинау мен өңдеудің қағидалары мен ережелеріне, сондай-ақ аталған Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес шекарааралық табыстау талаптарына сәйкес сақталады және өңделеді (Жеке деректерді автоматтандырылған түрде өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы конвенция (Страсбург, 1981 жылғы 28 қаңтар)).

4. Дерек жинау

4.1.Сіз біздің Сайтты жеке деректеріңізді жария етпестен пайдалана аласыз. Сіздің сұратуыңызға сәйкес Сізге өнімді немесе көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, Сіз біздің веб-сайтты пайдалану үшін жеке ақпаратыңызды беруге міндетті емессіз. Сіз біздің веб-сайтты пайдаланған жағдайда және Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді жария еткен жағдайда, осы Келісімнің 3.2.-тармағына сәйкес біз қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты түрлі мақсаттар үшін деректерді өз серверлерімізде сақтаймыз. Мұндай деректерге Сізге Интернет қызметтерін жеткізушінің атауы, біздің веб-сайтқа өту үшін сілтемесін пайдаланған веб-сайт туралы деректер, Сіз біздің веб-сайт арқылы сонда өткен веб-сайттар туралы деректер, сондай-ақ Сіздің IP-мекенжайыңыз кіруі мүмкін (толық емес нұсқада Cookies саясатын қараңыз). Бұл деректер Сіздің жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік береді, алайда біз оларды мұндай мақсатта пайдаланбаймыз. Қажет болғанына қарай біз деректерді статистикалық мақсаттарда пайдаланамыз, бірақ бұл орайда әрбір жеке пайдаланушының жеке басын анықтау мүмкін болмайтындай етіп, оның анонимділігін сақтаймыз. Сіз сұрау салған өнімдер немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру мақсатында немесе Сіз рұқсат еткен басқа мақсаттарда деректер үшінші тұлғаларға хабарланатын жағдайларда, біз деректерді қорғау туралы қолданыстағы ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық құралдарға сүйенеміз.

5. Пайдалану мақсаттары

5.1. Заң бойынша басқаша белгіленген жағдайларды қоспағанда, біз жинаған деректер тек өнімдер немесе көрсетілетін қызметтер туралы сұратылған ақпаратты Сізге беру мақсатында, сондай-ақ Сіздің келісіміңіз алынған басқа мақсаттарда пайдаланылады.

6. Қол жеткізу және түзету құқығы

6.1. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V заңына сәйкес, Сіздің жеке деректеріңіздің өңделуіне қатысты ақпарат алуға құқығыңыз бар және, егер Сіз біздің жүйеде сақталатын кез келген жеке деректеріңізді ескірген немесе дұрыс емес деп санасаңыз, оларды қарап шығуға және өзгертулер енгізуге құқығыңыз бар. Бұл үшін «Байер ҚАЗ» ЖШС-нде жеке деректердің өңделуі мен қорғалуын ұйымдастыру үшін Жауапты тұлғаға төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша хабарлама жолдау қажет.

7. Күшін қайтару құқығы

7.1. Сіздің жеке деректеріңізді келешекте пайдалануға берген келісіміңізді кез келген уақытта қайтарып алуға құқығыңыз бар. Бұл үшін, жоғарыда көрсетілгендей, «Байер ҚАЗ» ЖШС-нде жеке деректердің өңделуі мен қорғалуын ұйымдастыру үшін Жауапты тұлғаға төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша хабарлама жолдау қажет.

8. Деректерді сақтау

8.1. Заң бойынша басқаша белгіленген жағдайларды (мысалы, сотта қарастырылып жатқан дауға байланысты) қоспағанда, біз жеке деректерді тек Сіз сұратқан немесе Сіз оған байланысты өз келісіміңізді берген қызметті көрсету үшін қажет болатын уақытқа дейін ғана сақтаймыз.

9. «cookie» файлдарын пайдалану

9.1. Веб-сайттарда жекелеген пайдаланушылардың веб-сайтты пайдалану тиімділігін жақсарту үшін «cookie» деп аталатын файлдар пайдаланылады. Бұл туралы толық мәліметті Cookies саясатынан білуге болады.

10. Қауіпсіздік

10.1. «Байер ҚАЗ» ЖШС Сіздің деректеріңізді заңсыз пайдаланудан, жоғалудан, жойылудан немесе оларға бөтен тұлғалардың қол жеткізуінен қорғау үшін техникалық және ұйымдық шараларды қабылдайды. Сіз компанияға берген кез келген жеке деректерді үшінші тараптардың ықтимал рұқсатсыз пайдалануының алдын алу үшін, қайта жолдау кезінде олар шифрланады. Біздің қауіпсіздік процедураларымыз жаңа техникалық жетістіктердің негізінде ұдайы қайта қарастырылады.

11. Балалар

11.1. Балалар туралы ақпараттың құпиялығын сақтаудың маңыздылығына байланысты, біз өзіміздегі мәлімет бойынша 14 жасқа толмаған тұлғаға қатысты қандай да бір ақпаратты оның заңды өкілінің алдын ала тексерілетін келісімінсіз жинамаймыз, өңдемейміз және веб-сайтта пайдаланбаймыз. Ондай заңды өкілдің бала берген ақпаратты тиісті сұрату бойынша қарап шығуға және (немесе) оның жойылуын талап етуге құқығы бар.

12. Байланыс деректері

Қандай да бір проблема, сұрақ немесе ұсыныс пайда болатын жағдайда, «Байер ҚАЗ» ЖШС-не хабарласуды өтінеміз.

«Байер ҚАЗ» ЖШС Bayer ConsumerCare бөлімшесі Тимирязев көшесі, 42, 15-павильон «Экспо-Сити» бизнес орталығы 050057 Алматы, Қазақстан Тел: +7 727 258 80 40 Fax: +7 727 258 80 39 Web: http://www.bayer.com

Өңделетін жеке деректерді өңдеу мен қорғауға байланысты өтінімдер мен арыздарды қабылдау үшін «Байер ҚАЗ» ЖШС-нде төмендегі ресурстар ұйымдастырылған:

- электрондық хабарлар үшін: pd.baykz@bayer.com;

- жазбаша түрде хабарласу үшін: 050057, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, 15-павильон, 3-қабат, 20-каб.

13. Қорытынды ережелер

13.1. Осы Пайдаланушылық келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

13.2. Осы Пайдаланушылық келісімнің бір немесе бірнеше ережесінің жарамсыздығы Пайдаланушылық келісімнің қалған ережелерінің жарамсыздығына немесе қолданыла алмауына әкелмейді.