Құрғақ терінің алдын алу

Ксероздың таралуы (бұл бүкіл әлем бойынша халықтың 50%-ында кездеседі 1,2) құрғақ терінің алдын алудың ғылыми жолдарын іздеуді орынды етеді. Келесі ұсыныстарды орындау және дұрыс таңдалған құралдарды қолдану арқылы ұзақ мерзімді тиімділікке қол жеткізуге және белгілердің қайта пайда болуына жол бермеуге болады.

 

Неден аулақ болу керек?

Майсыз диета. Ылғалдандыру кезінде омега-3 және омега-6 сияқты таптырмайтын май қышқылдары маңызды рөл атқарады. Май қышқылдарының жетіспеушілігі құрғақ терінің өршуіне әкелуі мүмкін.3

Ультракүлгін сәулелер. Күн сәулесінің ұзақ әсері тері тосқауылына немесе тері жасушаларының ДНҚ-сына зақым келтіруі, дегидратацияға әкелуі мүмкін. Осылайша, күн сәулесі теріні «құрғатады».4

Суық. Төмен температура да зиянды болуы мүмкін, өйткені олар май бездерінің жұмысына теріс әсер етеді.

Сабын және агрессивті тазартқыш құралдар. Бұл өнімдерді сатып алған кезде абай болыңыз. Көптеген тазартқыш құралдардың негізгі әсер ету тетігі терінің липидті қабатын кетіру болып табылады, бұл дегидратацияға әкелуі мүмкін.

Иістеуіштер. Егер белгілердің пайда болуының алдын алғыңыз келсе, иістеуіш қосылмаған косметиканы таңдаңыз, себебі олар тітіркенуді тудыруы мүмкін. Сондықтан Бепантен®-Дерма өнімдерінің құрамында хош иістер, консерванттар мен бояуыштар жоқ.

Темекі шегу. Зерттеулер темекі шегу мен ксероз арасындағы берік байланысты көрсетті. Зерттеулерге сәйкес, никотин қан ағымын нашарлатады, бұл терідегі қантамырлардың тарылуына әкеледі. Бұл құрғақтыққа, сондай-ақ бірқатар басқа да қиындықтарға әкелуі мүмкін.5

Құрғақ терінің алдын алу үшін қандай құралдарды қолдану керек?

Өзіңіз қолданып жүрген құралдардың осы мақсат үшін арнайы жасалғанына және тез әрі ұзақ нәтижелерге әкелетін құрамы бар екеніне көз жеткізіңіз. Бепантен-Дерма құралдарының құрамында терең ылғалдандыруды ғана емес, сонымен қатар басқа белгілерге де әсер ететін ингредиенттер6 бар. Күтім жасау өнімдерінің бұл желісі теріні ылғалдандыруға мүмкіндік береді:

 

Зиянды факторлардан аулақ болу және арнайы құралдармен күтім жасау арқылы теріңізді ұзақ жылдар бойы ылғалдандыруға және сау қалпында сақтауға болады!

Бепантен® -Дерма теріні іштей шынайы ылғалдандыру!

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Farage MA. The prevalence of sensitive skin. Front Med. 2019;6:98.
2. Roussaki-Schulze AV, Zafiriou E, Nikoulis D, Klimi E, Rallis E, Zintzaras E. Objective biophysical findings in patients with sensitive skin. Drugs Exp Clin Res. 2005;31 (Suppl.):17–24.
3. Int J Cosmet Sci. Seasonal influences on stratum corneum ceramide 1 fatty acids and the influence of topical essential fatty acids. 1996 Feb;18(1):1-12. doi: 10.1111/j.1467-2494.1996.tb00131.x
4. K.A. Engebretsen, The effect of environmental humidity and temperature on skin barrier function and dermatitis, DOI: 10.1111/jdv.13301
5. Misery L. Nicotine effects on skin: are they positive or negative? Exp Dermatol 2004 Nov;13(11):665-70
6. Chen Y, Lyga J. Brain-skin connection: Stress, inflammation and skin aging. Inflamm Allergy Drug Targets. 2014;13(3):177-190. doi:10.2174/1871528113666140522104422.