Өте құрғақ дене терісіне арналған Липидтің орнын толтыру лосьоны
Өте құрғақ дене терісіне арналған Липидтің орнын толтыру лосьоны
200 мл 400 мл
Судың шығындалуына жол бермейді, липидтердің орнын толтырады, өте құрғақ және сезімтал теріге арналады.
Бепантен® -Derma Липидтің орнын толтыру лосьонының құрамы терінің терең қабаттарын қарқынды нәрлендіретін және қалпына келтіретін заттарға бай, теріні ішінен серпімді етеді. Терінің қорғаныс тосқауылының табиғи қалпына келуіне ықпал етеді, құрғақтықтың қайта пайда болуына жол бермейді.
Лосьонды өте құрғақ, тітіркенуге бейім теріге күн сайын күтім жасау үшін эмолент ретінде пайдалануға болады.
Свойства
Қасиеттері
Негізгі компоненттер
Негізгі компоненттер
Денеге арналған Бепантен -Derma Липидтің орнын толтыру лосьонының құрамында мынадай Repair Complex белсенді ингредиенттерінің комбинациясы бар:
- Декспантенол (В5 дәрумені) қайта қалпына келтіру процестерін белсендіреді және терінің қорғаныс тосқауылының табиғи түрде қалпына келуіне ықпал етеді;
- Ниацинамид (В3 дәрумені) коллаген синтезін күшейтіп, әсер етеді және терінің серпімділігін арттырады, оның қорғаныс қасиеттерін жақсартады, теріні тыныштандырады және жұмсартады;
- Глицерин ылғалды сақтайды және терінің терең қабаттарына енуіне ықпал етеді, 48 сағат ішінде тез әрі ұзақ ылғалдандыратын әсер береді;
- Табиғи липидтер (ши майы, аргана майы) терінің гидролипидті тосқауылын нығайтады, оны сусызданудан қорғайды және құрғақтықтың қайта пайда болуына жол бермейді;
- Физиологиялық липидтер (изопропилстеарат) – тосқауыл қызметін қалпына келтіреді.
Информация о продукте
Денеге арналған Бепантен -Derma Липидтің орнын толтыру лосьонын қолдану бойынша ұсыныстар
Косметика құралын құрғақ және тітіркенуге бейім сезімтал теріге күн сайын күтім жасау үшін қолдануға болады. Атопиялық теріні күтуге, оның ішінде қант диабеті, экзема кезінде қолдануға болады.
Денеге арналған Бепантен® -Derma Липидтің орнын толтыру лосьонын душқа немесе ваннаға түскеннен кейін күн сайын таза теріге жағу керек. Құралды дененің бүкіл беткі қабатына біркелкі етіп жағыңыз. Қажет болса, лосьонды қайта жағуға болады.
Тек сырттай қолдануға арналған.
Қарсы көрсетілімдері
Құралдың құрамына кіретін бір немесе бірнеше компонент теріге жақпаған жағдайда оны қолдануға болмайды. Егер аллергиялық реакция пайда болса, қолдануды тоқтатып, медициналық көмекке жүгініңіз.
Тек сырттай қолдануға арналған. Лосьонды шырышты қабаттарға немесе зақымданған теріге (ашық жаралар, дақтар) қолданбаңыз.
Құрамы (INCI)
Aqua, Caprylic/Capric Triglyceride, Glycerin, 1,2- Hexanediol, Butyrospermum Parkii (Shea) Butter, Panthenol, Squalane, Isopropyl Isostearate, Isosorbide Dicaprylate, Niacinamide, Cetearyl Alcohol, Polyglyceryl-6 Distearate, Jojoba Esters, Tocopheryl Acetate, Glyceryl Stearate Citrate, Behenyl Alcohol, Argania Spinosa Kernel Oil, Polyglyceryl-3 Beeswax, Cetyl Alcohol, Xanthan Gum, Acrylates/C10-30 Alkyl Acrylate Crosspolymer, Citric Acid.
Сақтау шарттары
30 ºС-тан аспайтын температурада сақтаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жарамдылық мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі аяқталған соң қолдануға болмайды.
Өндіруші
Фамар А.В.Е. Авлон Плант (48-й)
Орналасқан жері: Афины-Ламия ұлттық жолының 48-ші шақырымы,
Авлона қ., Аттика, 19011, Грекия.
Байер Консьюмер Кэр АГ үшін әзірленді,
4052 Базель, Петер Мериан Штрассе 84, Швейцария.
Тұтынушылардың талап-тілектерін қабылдауға уәкілетті ұйым
«Байер ҚАЗ» ЖШС
Тимирязев көшесі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы,
15 павильон, 050057 Алматы, Қазақстан Республикасы
Тел. +7 701 715 78 46
Факс: +7 727 244 70 01
www.bayer.kz