Терінің қабыршықтануының себептері мен емі
Терінің құрғауы кезінде терінің қабыршықтануы әртүрлі себептерден туындаған дерматологиялық аурулардың белгісі болуы мүмкін. Емдеу үшін тұрақты күтім, сондай-ақ эпидермисті қалпына келтіретін дәрілер қажет.
Адамның терісі көптеген қызметтерді атқарады. Олардың негізгісі – организмді төмен температура, ыстық күн, ауру тудыратын микробтар, химиялық заттар сияқты қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғау.
Ерекше қалқан секілді әрекет ете отырып, ол зақымдалады және тым құрғап кетеді. Бұл әртүрлі аурулар кезінде де болуы мүмкін. Нәтижесінде өмір сүру сапасын едәуір нашарлататын жайсыздық, қышу, қабыршықтану пайда болады. Бұл мақалада терінің құрғауы мен қабыршықтануының себептері, түрлері, асқынулары, алдын алу және емдеу мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылады.
Құрғақ және қабыршықтанған терінің себептері
Ксероз – құрғақ тері деген ұғымды білдіретін арнайы термин. Бұл жағдай қабыршықтану, тартылып қалу, ашу, шамадан тыс сезімталдық сияқты басқа белгілермен де көрінеді. Ксероздың негізгі себебі – терінің беткі қабаттарындағы (эпидермистегі) ылғал мөлшерінің азаюы.
Әдетте, оның мөлшері массаның 10-нан 13%-ына дейін болуы керек, бұл деңгейден төмендесе, құрғақтық пайда болады1. 196-б., 1-баған, 2-абзац.
Су эпидермиске терең қабаттардан енеді де, теріні жауып тұрған су-май үлдірінің болуына байланысты сол жерде сақталады. Сондай-ақ арнайы ылғалдандыратын факторлар мен жасушааралық липидтер (церамидтер) ылғалды сақтауға жауап береді.
Осылайша, ксероз енетін сұйықтық мөлшерінің азаюы нәтижесінде асқынуы мүмкін, мысалы, адам жеткілікті мөлшерде су ішпеуі немесе судың шығындалу мөлшері жоғары болуы мүмкін. Терінің құрғауы мен қабыршықтануына әкелуі мүмкін басқа себептер:
- Физикалық факторлар (қолайсыз ауа райы, күн сәулесі, құрғақ ауа, жел);
- Химиялық тітіркендіргіштер (су, сабын, жуғыш заттар, антисептиктер);
- Жас мөлшері (балалық, кәрілік);
- Жараның орны. Қабыршығы түскен кезде ақшыл қызғылт түсті тегіс дақ қалады. Ол 10-15 күннен кейін көрінбейді;
- Кейбір аурулар (қант диабеті, қалқанша безінің патологиясы);
- Дәрумен тапшылығы (ретиноидтардың, ниациннің, рибофлавиннің жетіспеушілігі);
- Дерматоздар (аллергиялық және жанаспалы дерматит, экзема, псориаз, себорея, нейродермит, терінің грибоктық және бактериялық инфекциясы);
- Генетикалық аурулар (ихтиоз).
Қабыршықтану түрлері
Терінің құрғауы мен қабыршықтануы дененің белгілі бір аймағына ғана әсер етуі немесе оның бүкіл аймағына таралуы мүмкін. Яғни, құрғақтық пен қабыршықтану шектеулі немесе кең таралған болуы мүмкін.
Визуалды түрде олардың пайда болған жерінен көлемі, түсі және пішіні әртүрлі қабыршықтарды байқауға болады. Олар қалыпты физиологиялық жағдайда да пайда болады, бірақ жуғанда немесе тері киімге үйкелген кезде байқалмай түсіп қалады. Патологиялық процестер кезінде олар көп мөлшерде пайда болады және көзге бірден көрінеді. Қабыршықтардың көлеміне сәйкес кебек тәрізді ұсақ пластиналы және ірі пластиналы қабыршықтар болып бөлінеді. Мәселен, бірінші түрі агрессивті жуғыш заттың әсерінен туындаған ихтиоз немесе құрғақ тері кезінде пайда болуы мүмкін, ал екіншісі қызамық пен токсидермияға тән.2 119-бет, 5-абзац.
Ықтимал асқынулар
Ксероздың пайда болу тетігі терінің қорғаныс қызметтерінің бұзылуын қамтиды. Кішкентай жарықтардың пайда болуы, сондай-ақ ықтимал қышу ауру тудыратын бактериялардың терең қабаттарға енуіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда асқынулар шаш фолликулаларына, май бездеріне және тер бездеріне әсер ететін іріңді процестер түрінде болуы мүмкін. Теріні уақытылы ылғалдандыру косметологиялық мәселені ғана шешу үшін емес, сонымен қатар инфекцияның қосылуы мен таралуына жол бермеу үшін де қажет.
Терінің құрғауы мен қабыршықтануын емдеу және алдын алу
Көбінесе ксероз уақытша белгі болып табылады және қоршаған орта факторларының жағымсыз әсеріне жауап ретінде дені сау адамда пайда болады. Мұндай жағдайда осы тәрізді факторлармен (теріні күннің әсерінен қорғау, тұрмыстық химия құралдарымен жанасқан кезде қолғап кию және т. б.) байланысты тоқтатқан жеткілікті.
Терінің тосқауыл қызметін қалпына келтіру үшін әртүрлі құралдарды қолдануға болады, мысалы, Бепантен® кремі. Оның құрамында терең қабаттарға енетін және зақымданған немесе қабынған эпидермистегі қалпына келтіру процестерін белсендіретін декспантенол (В5 провитамині) бар.3 49-б., 1-баған, 2-абзац. Құралды терінің құрғақ жерлеріне күніне 1-2 рет жұқа қабаттап жағу керек. Бепантен® кремін қабыршықтану, қызару және тартылып қалу сезімімен бірге жүретін дерматоздарды кешенді емдеуде, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың (қол, бет) өте агрессивті әсеріне ұшыраған тері аймақтарына күнделікті күтім жасау үшін қолдануға болады.4
Тері қатты қабыршықтанған кезде не істеу керек? Бұл мәселені шешу үшін белгілі бір ережені сақтау қажет:
- Су және жуғыш заттарды ұзақ уақыт қолданбаңыз;
- Жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіңіз;
- Рационды қанықпаған май қышқылдары бар тағамдармен байытыңыз;
- Күн мен аяздың әсер ету уақытын шектеңіз;
- Темекі шекпеңіз;
- Табиғи матадан тігілген ішкиім мен киім киіңіз;
- Үнемі дене жаттығуларын жасаңыз;
- Арнайы ылғалдандыратын және қалпына келтіретін құралдарды үнемі қолданыңыз.
Тітіркенуге бейім құрғақ және сезімтал теріге күнделікті күтім жасау үшін Бепантен®-Derma косметикалық желісін қолдануға болады. Бүкіл денеге қолдануға болатын желіде лосьонның екі түрі бар:
- Бепантен®-Derma Тепе-теңдікті қалпына келтіру айқын және ұзақ ылғалдандыратын әсерге ие.
- Бепантен®-Derma Липидтің орнын толтыру эпидермистің терең қабаттарын нәрлендіреді және қалпына келтіреді. 5,6
Қол терісіне күтім жасау, теріні төмен температура, жуғыш зат және басқа сыртқы әсерлерден қорғауға Қолды қалпына келтіретін Бепантен-Derma бальзамы көмектеседі.7.
ДЕрінге күтім жасау үшін Бепантен-Derma Күтім жасайтын SPF 50 ерін далабын және Ерінді қалпына келтіретін бальзам әзірледі.8
Аяқты қалпына келтіретін Бепантен-Derma кремі өте құрғақ, мүйізденген теріні жұмсартуға көмектеседі.9
Денеге арналған Бепантен-Derma желісі лосьондарының құрамында В5 провитамині мен В3 дәруменінен тұратын арнайы Repair Complex формуласы бар.
Декспантенол (В5 провитамині) теріні ылғалдандырады және оны қалпына келтіру процесін белсендіреді.3 49-бет, 1-баған, 2-абзац.
Ниацинамид (В3 дәрумені) терінің қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады, тері тосқауылын қалпына келтіреді, кератин, коллаген және церамидтердің синтезін күшейтеді, қызаруды басады.10 26-бет, 2В-кесте.
Аргана мен ши майлары құрғақ теріні жұмсартады және тыныштандырады. Қарапайым ережені сақтау және күн сайын күтім жасау құралдарын үнемі пайдалану тіпті, ең құрғақ терінің сұлулығын сақтауға және жайсыздықты жоюға көмектеседі.
Көптеген жағдайларда ксероз және терінің қабыршықтануы белгілі бір жастағы дені сау ерлер мен әйелдерде байқалады немесе қолайсыз факторларға ұшыраған кезде пайда болады. Алайда бұл белгілер дерматозбен қатар жүруі және басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан маманмен кеңесу ешқашан да артық болмайды. Терінің құрғауы мен қабыршықтануы бөртпенің пайда болуымен немесе басқа белгілермен бірге жүрсе, дерматологпен кеңесу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тамразова О.Б./ Тері ксерозы: симптом ба, синдром ба, әлде ауру ма?/Клиническая дерматология и венерология./ 2019;18(2):193-202.
https://doi.org/10.17116/klinderma201918021193
2. Тері және венерологиялық аурулар: дәрігерлерге арналған нұсқаулық. Екі том. -2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. Т.1/Редакциясын басқарған: Ю.К.Скрипкина В.Н.Мордовцева.–М., Медицина, 1999, 119 б.
3. Грязева Н.В., Круглова Л.С./ Балалар мен ересектердегі атопиялық дерматитті емдеудегі декспантенол / «Медицинское обозрение» РМЖ, №4, 25.06.2018/- 48-52 бб.
https://www.rmj.ru/articles/dermatologiya/Dekspantenol_vlechenii_atopicheskogo_dermatita_udetey_ivzroslyh/#ixzz77Ou90EGM
4. Бепантен® кремін қолдану жөніндегі нұсқаулық
5. Косметикалық өнім – денеге арналған Бепантен®- Derma нәрлендіргіш лосьонын қолдану жөніндегі ақпарат.
6. Косметикалық өнім – денеге арналған Бепантен®- Derma ылғалдандырғыш лосьонын қолдану жөніндегі ақпарат.
7. Косметикалық өнім – қолға арналған Бепантен®- Derma қалпына келтіргіш бальзамын қолдану жөніндегі ақпарат.
8. Косметикалық өнім – ерінге арналған Бепантен®- Derma қалпына келтіргіш бальзамын қолдану жөніндегі ақпарат.
9. Косметикалық өнім – аяққа арналған Бепантен®- Derma қалпына келтіргіш кремін қолдану жөніндегі ақпарат.
10. Jacquelyn Levin, DO and Saira B. Momin, DO/How Much Do We Really Know About Our Favorite Cosmeceutical Ingredients?/ J Clin Aesthet Dermatol. 2010 Feb; 3(2): 22–41.
https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC2921764/