Бепантен® Жақпа майы
Қолдану көрсеткіштері
Қолдану көрсеткіштері
Терінің тұтастығын бұзған кезде құрғақ терінің алдын алу және емдеу. Баланың (баздану және "жөргектік" дерматиті үшін) және емізетін ананың (лактация кезінде сүт безіне күтім жасау: емізіктердің құрғауын, ауырсынатын жарықтарды емдеу) терісін емдеу және күтім жасау. Кішкентай жарақаттар, жеңіл күйіктер, терінің тітіркенуі, созылмалы жаралар, терінің ойылуы, жарықтар және тері ауыстырған кезде терінің сауығу процесін жандандыру.
Құрамы
Құрамы
1 г жақпа майының құрамында белсенді зат бар: декспантенол 50 мг, қосымша заттар: протегин Х 50 мг, цетил спирті 18 мг, стеарил спирті 12 мг, араның ақ балауызы 40 мг, ланолин 250 мг, жұмсақ ақ парафин 130 мг, бадам майы 50 мг, сұйық парафин 150 мг, 1000,0 мг дейін тазартылған су.
Қолдану тәсілдері және дозалары
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа қолдану. Жақпа майын терінің зақымдалған немесе қабынған жеріне күніне 1-2 рет жағылады.
Емізетін аналардың сүт бездеріне күтім жасау: жақпаны әр тамақтандырғаннан кейін емшек ұшына жағады.
Нәрестеге күтім жасау: жақпа майды жаялықшаны (жөргекті) ауыстырған сайын қолданылады.
Қосымша ақпарат
Қосымша ақпарат
Шығару формасы: 30 г, 50 г және 100 г түтіктегі жақпа.
Дәріханалардағы тауарлардың түпкілікті құны мен санын тікелей қалаңыздағы дәріханалардан анықап сұраңыз.